Әлем
07.12.2022
Әлем
Түркия депутаттары арасында бюджетті талқылау кезінде жанжал шықты
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің жалпы жиналысында «Әділет және даму» партиясы мен оппозициялық «Халықтық-республикалық» партия мүшелері арасында пікірталас туындап,  депутаттары арасында төбелес шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. "Бюджет келіссөздерінің екінші күнінде парламенттің жалпы жиналысында шиеленіс туындады. Депутаттар арасындағы ауызша кикілжің жанжалға ұласты. "Iyi" (Жақсы партия) мүшесі Хусейн Орс төбелес кезінде басынан жа..
05.12.2022
Әлем
Моңғолияда жаппай наразылық шерулері өтті (ВИДЕО)
Ұлан-Батырда мыңдаған адам шеруге шығып, Үкімет үйіне баса-көктеп кірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Моңғолиядағы АҚШ елшілігінің ресми хабарламасы бойынша, халық Сухэ-Батыр алаңына жиналған. Бүгін — акцияның үшінші күні. Жаппай наразылыққа елден Қытайға тасымалданған көмір ұрлығына қатысты жанжал себеп болды. Шерушілер биліктен 12,9 миллиард доллардың көмірін ұрлағандардың аты-жөнін жариялауды және оларды жазалауды талап етіп отыр.
04.12.2022
Жаңалықтар
"Оңбағандар": Алмазбек Атамбаев сот отырысына қатысудан бас тартты
Қырғызстанның экс-министрі Алмазбек Атамбаев 2 желтоқсанда бірнеше қылмыстық іс бойынша жауап беру үшін Бішкектегі аудандық сотқа жеткізілді. Бұл туралы АКИpress басылымы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.  Атамбаевты түрмеден сот отырысына мемлекеттік айыптаушы Эрнест Асакеевтің айыпталушыны күштеп алып келу туралы өтінішінен кейін жеткізген.  Сот залында экс-президент барлығымен амандасып, мемлекеттік айыпталушының әрекетін заңс..
04.12.2022
Әлем
Украинаның Астанадағы елшілігі "миналанды"
Полицияға Украинаның Астанадағы елшілігінің ғимаратында бомба бар деген ақпарат түсті. Бұл факті Есіл ауданы полиция бөлімінің ақпаратты есепке алу кітабында тіркелді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Оқиға 1 желтоқсан күні болды. Полицияға Украина елшілігінің консулы арызданған. Айтуынша, электронды поштаға ғимаратқа жарылғыш зат қойылды деген хат келген. "Оқиға орнына дереу арнайы қызметтер келді. Тексеріс барысында..
30.11.2022
Әлем
Ауғанстандағы мектепте жарылыс болып, 35 адам қаза тапты
Ауғанстандағы мектепте жарылыс болып, 35 адам қаза тауып, 23 адам жарақат алды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Ауғанстанның Айбак қаласында түскі намаз кезінде жарылыс болды. Жарылыстың себебі әзірге хабарланған жоқ. Зардап шеккендердің көпшілігі мектеп оқушылары екені нақтыланып отыр. Hasht e Subh газетінің хабарлауынша, құтқарушылар қаза тапқандардың мәйітін шығаруды және ғимараттан зардап шеккендерді шығаруды жалғастыруда.
30.11.2022
Әлем
Ресейде мұнай өнімдері сақталатын резервуарлар өртенді
Украинамен шектесетін Брянск облысының Сураж ауданында сәрсенбіге қараған түні мұнай өнімдері бар резервуарлар өртенді. Бұл туралы облыс губернаторы Александр Богомаз мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. ”Өрттің ауданы - 1800 шаршы метр. Өрттің себебін губернатор нақтыламады. Оқиға орнына өрт сөндіру пойызы мен ТЖМ аэроұтқыр тобы жіберілді”, деп қосты Богомаз. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Таңертең ТАСС төтенше жағ..
30.11.2022
Әлем
Қытайдың бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь дүниеден өтті
Қытай Халық Республикасының бұрынғы төрағасы Цзян Цзэминь қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. «Цзян Цзэмин 2022 жылдың 30 қарашасында 12:13-те (Астана уақыты бойынша 10:13) 96 жасында Шанхайда лейкоз және көп мүшелердің жетіспеушілігінен қайтыс болды», - делінген хабарламада. Цзян Цзэминь 1993-2003 жылдар аралығында Қытай Халық Республикасының төрағасы қызметін атқарса, 1985-1989 жылдары Шанха..
Тағы жүктеу
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket