Қытай экономикасы бүгінде пандемиядан кейін жалпы ішкі өнімнің көрсеткіші жоғары бірден-бір экономика. Сондықтан Қытай сәйкесінше жаһандық және аймақтық дамудың басты драйверіне айналады.
Бұл тұрғыда Қазақстан өте тиімді позицияны иелене алады. Өйткені біздің ел - Қытаймен ынтымақтастықтың көлемі мен қарқыны бойынша тек Орталық Азия елдері арасында ғана емес, бүкіл посткеңестік кеңістікте көшбасшы. Бұл - туризмді қоспағанда, барлық салаларды қамтитын ынтымақтастық. Бұған Қазақстан әр түрлі құрылымдарының мақсатты жұмысы мен жоғары деңгейдегі сенімді қарым-қатынас құрудың арқасында қол жеткізді
Төменгі старт - жоғары қолдау
Қазіргі қазақ-қытай қатынастарының осы уақытқа дейін салыстырмалы түрде қысқа тарихы бар екенін және 1992 жылы іс жүзінде нөлден бастағанын мойындау керек. Жағдай лингвистикалық және мәдени аспектілердегі терең алшақтықтан, заңнама мен іс қағаздарын жүргізудің ерекшеліктерін, жабық нарықтарды және командалық экономикадан нарықтық механизмдерге кенеттен көшудің жалпы хаосымен күрделене түсті.
Мұндай жағдайда кәсіпкерлердің немесе өндірушілердің өздері (кез-келген бизнес, тауар не қызмет болсын) мемлекет тарапынан қолдау көрсетілмесе жақсы нәтиежелерге қол жеткізе бермейді. Алғашқы 10 жылдан астам уақыт ішінде екіжақты экономикалық ынтымақтастықты сарқып шығарған «шаттл бизнес» және мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық - бұл жарқын көрсеткіш.
Екі ел бір-бірін қызықтыратын барлық салаларда байланыс орнатып, тетіктер, заңнамалар, логистика, бірлескен жобалар және басқа да нюанстарды жан-жақты қарастырып, шешкен кезде бәрі өзгерді.
Бұл жерде Қытай лидерлерімен тығыз байланыс орната білген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке беделінің маңызды рөлін атап өтпеуге болмайды. Сол кездегі Цзян Цземиньнан қазіргі жетекші Си Цзиньпинге дейін.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты Қытайда тек дипломатиялық ортада ғана емес, сонымен қатар қытайлық зиялы қауым да жақсы біледі, өйткені оның жазған «Преодоление» кітабы тіпті 2000-жылдардың басында қытай тілінде басылып шыққан. Ол кітапта Тоқаев өзі себепкерлер қатарында болған қазақ-қытай қарым-қатынастарының қалыптасуына ерекше назар аударған.
Осы уақыт аралығында саяси деңгейдегі стратегиялық серіктестік жоспарына енген қазақ-қытай қатынастары барлық бағыттар бойынша біраз өзгеріске ұшырап үлгерді. Экономикалық ынтымақтастық құрылымы түбегейлі өзгерді, көлік жобалары қазірдің өзінде жақсы нәтижелер көрсетуде, елдер арасында мәдени-гуманитарлық сала да кеңеюде. Қазақстанның Қытайда 2010 жылдан бері қарай танылу деңгейі салыстырмалы түрде жоғары болды және бұл көп жағдайда тынымсыз еңбектің нәтижесі.
Енді біз тағы не істей аламыз?
Сонымен екіжақты ынтымақтастық өте жақсы қарқынмен дамып келеді, бұл сандық және сапалық көрсеткіштерге де қатысты. 2019 жылғы мәліметтер бойынша ҚР сауда айналымындағы ҚХР үлесі 13,88% құрады.
Жалпы, 2019 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 23,4% өсіп, 14,4 миллиард долларды құрады. 54,4% немесе 7,8 миллиард доллары экспорттың үлесінде; тиісінше 45,6% немесе импортқа 6,6 миллиард доллар. Соңғы бес жылда елдер жалпы сомасы 55 миллиард доллар сатты. Соңғы үш жылда елдер арасындағы сауда жылына орта есеппен 22,5% өсті.
- 2020 жылдың тоғыз айлық статистикасына үңілсек, Қытай біздің елге валюта ағынының рекордтық көрсеткішін қамтамасыз етіп, қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушысы болыпты.
Татьяна Каукенова