Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік отшашу болды

3642
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/211214003152930e-1.jpg
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтанда демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік салют болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Мерекелік отшашу қаланың үш нүктесінде атылды: - Ботаникалық бақтың аумағы; - Атырау көпірінің солтүстігіндегі Есіл өзенінің сол жағалауы; - Ақбұлақ өзенінің солтүстік жағы, Пушкин көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысы. Айта кету керек, Тәуелсіздік күнін мерекелеу әлеуметтік нысандардың ашылуымен қатар жүреді: 20 мыңнан астам оқушы орнына есептелген жеті мектеп, 2,5 мың әлеуметтік пәтерге 6 көппәтерлі тұрғын үй кешені (Қолжетімді тұрғын үй), үлескерлердің 2 мың 400 отбасына 9 үлестік құрылыс нысаны.  
Комментарии