Берденов ісі. Прокурор айыпталушыны 11 жылға соттауды сұрады

2953
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WzqLLxbjoe5DUpk4BItHiu035E4pvJdlVVnHTPpv.webp

Шымкент қалалық сотында мемлекеттік айыптаушы Бауыржан Қараманов қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған шабуыл ісі бойынша айыпталушыны 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Прокурор оқиғаның мән-жайын толық баяндап, айыпталушы Ернар Жиембайдың кінәсң куәлардың айғақтары мен түрлі дәлелдер арқылы расталатынын атап өтті. Сондай-ақ ол қылмысты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларға тоқталды. Айтуынша,  жеңілдететін жағдай ретінде айыпталушының кәмелетке толмаған балаларының бары ескерілді. Ал оның қылмысты мас күйде жасағаны ауырлататын жағдай ретінде есептелді.

Еске салайық, Ернар Жиембай Қылмыстық Кодекстің «Адам өлтіру» бабы және «Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу» баптары бойынша айыпталып отыр.

Комментарии