«Қазақтелеком» PR қызметіне 1 млрд теңгеге тендер жариялады

2231
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/e1803b64-8cbd-490a-be48-b8d8a12f092a.jpeg
«Қазақтелеком» АҚ жалпы сомасы 1 244 500 000 теңгеге «ақпараттық және имидждік сүйемелдеу қызметтеріне» тендер жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 12 қаңтарда «Қазақтелеком» әртүрлі сомадағы ұқсас екі лотты жариялады. Компания PR-қызметтерін көрсеткені үшін бір лотта 955 млн теңге, екіншісінде – 289 500 000 теңге ұсынады. Қызмет көрсету мерзімі 2022 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін созылады. Өтінімдер 31 қаңтарға дейін қабылданады. Өткен жылы 3 920 000 теңге сомасына тендерді "CLOVER MEDIA GROUP"ЖШС жеңіп алды. Алайда, келісім 2021 жылдың мамыр-желтоқсан айларында жасалған болатын. Бір қызығы," CLOVER MEDIA GROUP " ЖШС қызметі концерт және театр залдарымен байланысты.

«Адырна» ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы