Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды Алматыдан Нұр-Сұлтанға жеткізіледі деп күтілуде

3168
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/03/de53724b2b29e0e45d16576a7d2.jpg
Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды Алматыдан Нұр-Сұлтанға жеткізіледі деп күтілуде, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
"Астанаға Алматыдан UPCS301 борттық нөмірі бар жеке jet Cessna 525 ұшып келеді. Борт 6 орынды. Осы ұшақ арқылы елордаға Қайрат Сатыбалды жеткізіледі деп болжануда", - делінген КазТАГ жариялаған хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, «Қазақтелеком» АҚ-ның қаражатын аса ірі көлемде ұрлау фактілері бойынша Қайрат Сатыбалдының ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлаған болатынбыз.

"Адырна" ұлттық порталы

   
Комментарии
Другие материалы