Сөздерді қазақы мақаммен, қазақы әуезбен қолданайық! - Ерболат Қошқарбаев

5559
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/izobrazhenie_2022-04-10_203002482.png
Халал емес — Адал! Харам емес — Арам! Жұмъа емес— Жұма! Никах емес— Неке! Минбар емес— Мінбер! Баракаллаһ емес— Бәрекелді! Аллаһ емес— АЛЛА! (ҚМДБ- нің шешімімен) Альхамдуллилаһ емес - Құдайға шүкір немесе Әлхамдулла! Мүбарак емес— Құтты болсын ! Ақи емес— Бауырым ! Ифтар емес — Ауызашар ! Иншаллаһ емес - Құдай қаласа, Құдай бұйыртса, Алла нәсіп етсе ... Ал Аллаһ - тек Оллахи, Иллахи нұсқасында айтылғанда ғана ҚАЗАҚША шығады. Оллахи шыным осы. Осылай, сихр емес сиқыр, нафс емес нәпсі деп тізбелей беруіме болады. Р.S: Мұсылман бауырлар, орысшадан енді құтылып келе жатқанымызда, арабшаларыңды тықпаламай қоя тұрыңдаршы. Құран, намаз оқығанда сөз жоқ арабша оқиық, сөздерді құранда жазылғандай қолданайық!

Ерболат ҚОШҚАРБАЕВ,

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии
Другие материалы