Балалар Ақорданың ішіне саяхат жасады (ВИДЕО)

3626
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/2e8ca979-9c63-4b8e-a92e-25c95405166d-960x500.jpeg?token=7a423f20e06118eaab101ed737f98766
Халықаралық балаларды қорғау күні «Ақорда» резиденциясы бүлдіршіндерге есігін айқара ашты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Аз қамтылған және көп балалы отбасылардың бүлдіршіндері, жетімдер үйінде тәрбиеленіп жатқан балалар, оқу озаттары, зияткерлік және шығармашылық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері Ақорданы аралап көрді. Елордаға еліміздің әр өңірінен 10-14 жас аралығындағы 34 оқушы келді. Балалар Президенттің «Ақорда» резиденциясындағы «Салтанат», «Мәрмәр», «Шығыс» залдарын тамашалады. Экскурсия соңында балаларға Президент атынан сыйлықтар табысталды. Бейнежазбаны көру үшін сілтемені басыңыз.
Комментарии
Другие материалы