Украина Ресей музыкасын қоғамдық орындарда пайдалануға тыйым салды

2592
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/06/68c7df1f-d8a2-4336-bc9a-22d72372a643.jpeg
Украинаның Жоғарғы Радасы ұлттық музыкалық туындыны қолдау және агрессор мемлекеттің музыкалық өнімін қоғамдық пайдаланудан шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қолдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Ол 19 маусымда қабылданды. Парламент сайтындағы ақпаратқа сәйкес, заңды 303 депутат қолдаған. Енді Украинада ресейлік әншілердің музыкалық бейнероликтерін көпшілік алдында орындауға, көрсетуге, көрсетуге тыйым салынады, Сондай-ақ ел Ресей агрессиясын жұрт алдында айыптаған өнер иелерінің тізімін жасамақ.
Комментарии
Другие материалы