Бразилияның Санта-Катарина штатында әуе шары жанып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бразилияның Санта-Катарина штатында әуе шары өртеніп, жерге құлаған. Салдарынан кемінде сегіз адам қаза тапты.
Оқиға кезінде әуе шарында 22-ге жуық адам болғаны айтылуда. Сондықтан қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Қайғылы оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.
Айта кетейік, Түркияда да әуе шары құлаған еді.