Ресейдегі әзербайжан диаспорасының жетекшісі Бакуге депортацияланбақ

1398
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/s7corsflC5zJNtCsgOyYj5O0jkisZnl0kI0lp0qG.jpg

Мәскеудегі Әзербайжан диаспорасының жетекшісі Эльшан Ибрагимов Ресейден депортацияланады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы APA агенттігіне сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ибрагимов қазіргі уақытта Шереметьево әуежайында.

Оны бүгін кешкі рейспен "Аэрофлот" әуе компаниясы арқылы Бакуге депортациялау жоспарланып отыр.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Эльшан Ибрагимов Ресей азаматтығынан айырылған болатын.

Комментарии
Другие материалы