Руслан Желдібай қосымша қызметке тағайындалды

1136
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VLTJDJnPaBs9zJjRlBudXkSMPeQmq16kkJkIlP32.jpg

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) жаңа технологиялар және тиімділікті арттыру бойынша комиссиясының директоры қызметін қоса атқаратын болды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Дзюдоны елімізде дамыту бағытында біраз жұмыс атқарылып жатыр. Әлі де мәселе жетерлік. Дзюдоны кеңінен дамыту үшін арнайы академия, ал аймақтарда орталықтар қажет болып тұр. Халықаралық ынтымақтастықты да арттырамыз. Осы іске барынша өз үлесімді қосамын»,—деді ол.

Айта кетейік, Қазақстандағы дзюдо федерациясын президент кеңесшісі — Қуанышбек Есекеев басқарады.

Комментарии
Другие материалы