Қазақ киіз үйі халықаралық байқауда топ жарды

1865
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Qs6Nh59oFwRYTiKUpUqrhB79DjuOVwoWeVrSyvuu.webp

Алматылық заманауи қазақ киіз үйі жобасы Design Educates Awards 2025 халықаралық байқауында «Архитектуралық дизайн» аталымы бойынша жеңімпаз атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Байқауға әлемнің әр түкпірінен келген түрлі жобалар ұсынылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылардың еңбектері тек эстетикалық келбетімен ғана емес, сонымен қатар білім мен мәдениетті жеткізу мүмкіндігімен де құнды болып отыр. Дәстүрлі қазақ үйінің заманауи интерпретациясы ұлттық мұра мен заманауи архитектуралық идеяларды үйлестіре білген ерекше туынды ретінде бағаланды.

«Киіз үйдің ішкі құрылымы 25 шаршы метрлік аумақты алады. Онда жатын бөлме, жұмыс орындары, ас үй мен дәретхана бар. Ал жиналатын жиһаздың арқасында ішкі кеңістікті барынша пайдалануға болады»,—делінген Design Educates Awards 2025 байқауы сайтында.

Жоба экологиялық таза материалдар негізінде жасалған. Мәселен, қабырға бөліктері үшін базальт талшығынан жасалған жылу оқшаулағыш қабаты бар желімделген жұқа тақтай пайдаланылған. 

Комментарии
Другие материалы