Моңғолияда Сяньбэй дәуіріне жататын ірі қабір табылды

1678
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/jIUscV0fxvrev4HmADeR5LTJSOi2W7GrtaNgB9Cp.jpg

Орхон және Сэлэнгэ өзендерінің алаптарынан табылған жерлеу орындары ежелгі Сяньбэй мемлекетінің аумағымен байланысты болуы мүмкін. Бұл туралы Моңғолия зерттеушілері айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сэлэнгэ аймағына қарасты Еруу сомонынан шамамен 1800 жыл бұрынғы Сяньбэй дәуіріне жататын, жақсы сақталған асыл тұқымды адамның қабірі табылды. Бұл жаңалық Моңғолия аумағында Сяньбэй кезеңіне жататын алғашқы ірі әрі бұзылмаған археологиялық олжа ретінде бағаланып отыр.

Экспедиция жетекшісі – тарих ғылымдарының докторы, археология кафедрасының доценті Идэрханғай Төмөр-Очир. Ол әлеуметтік желіде жүргізіліп жатқан қазба жұмыстары барысында ерекше артефактілер табылғанын хабарлады. Айтуынша,  қалыңдығы 7 см болатын екі ағаш табыт анықталған.  Табыттың бас жағында қара сиямен салынған таңбалар мен өрнектер бар. Одан бөлек, ат сүйегі, ағаш арба, саздан жасалған құмыра және құрбандық шалу орнына қойылған өзге де заттар табылған.

Қазіргі таңда археологтар мен зерттеушілер негізгі қабірді табу мақсатында қазба жұмыстарын жалғастыруда.

Айта кетейік, бұл орын алғаш рет 2019 жылдың күзіне қарай Моңғолия мемлекеттік университетінің Көшпелі археология институтының археологтары тарапынан анықталған болатын. 2022–2024 жылдары мұнда мұқият өлшеу жұмыстары мен 3D-құжаттандыру жүргізілді. Қазір аймақта құтқару археологиясы аясында зерттеу жұмыстары жүріп жатыр.

Комментарии
Другие материалы