Ыстамбұлда "Еуропадағы қазақ диаспорасының тарихы және қазіргі жағдайы" таныстырылды

2021
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Adj4IqYrdE3HwjLEOzUTdCKUMuE51cVz3pCTl9hV.jpg

Ыстамбұлда белгілі зерттеуші Досан Баймолданың "Еуропадағы қазақ диаспорасының тарихы және қазіргі жағдайы" атты тарихи-танымдық кітабының түрік тіліне аударылып, жарық көруіне байланысты тұсаукесері өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Іс-шараға Түркияның зерттеуші-тарихшы мамандары, мәдениет саласы мен қала әкімшілігінің өкілдері, Қазақстанның Ыстамбұлдағы консулдығының өкілі, түркиялық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері мен Еуропа елдерінде тұратын қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Тұсаукесерге орай Қазақстан Республикасы сыртқы істер министрлігіне қарасты "Отандастар" қорының президенті Д. Қадыров, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З. Тұрысбеков, сондай-ақ Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы М. Құлкенов арнайы құттықтау хаттарын жолдап, жылы лебіздерін білдірді.

Кітаппен алдын ала танысқан тарихшы-ғалымдар еңбекті тарихи тұрғыдан тың, бұрын зерттелмеген тақырыпқа арналған маңызды жұмыс ретінде бағалап, оны қазақ диаспорасының өткені мен бүгініне арналған құнды дереккөз деп атады.

Тұсаукесер рәсімінің соңы ұлттық рухтағы концерттік бағдарламаға ұласты.

Кітаптың түрік тіліне аударылып, баспадан шығуына белгілі түркиялық кәсіпкер Мехмет Али Енгин, «Қазақ елі» журналының бас редакторы, журналист Ертолқын Қайретулла, сондай-ақ кітапты аударған Руслан Берген мен Әділ Досыбаев зор үлес қосқан.

Автор Досан Баймолда кітапқа тілекші болып, қолдау білдірген барша азаматтарға алғыс айтып, рухани мұрамызды шет елдерге кеңінен таныту ісі алдағы уақытта да жалғасын табатынына сенім білдірді.Возможно, это изображение 3 человека и текст

Возможно, это изображение 4 человека, люди занимаются боевыми искусствами и текст

Комментарии
Другие материалы