"Демократия өлді..." Қазіргі президентке шексіз сайлану құқығы берілді

1768
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/HT77IgFSE93tMa91UdkEv4QBGZgWEEiuOcG9imGf.png

Сальвадор президенті Наиб Букелеге шексіз қайта сайлануға және оның президенттік мерзімін алты жылға дейін ұзартуға мүмкіндік беретін конституциялық өзгерістер қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN-ге сілтеме жасап.

31 шілде күні ел парламенті — Заң шығару палатасы «Жаңа идеялар» партиясының бастамасымен Конституцияға бірқатар түзетулер енгізді. Ұсынысты партия депутаты Ана Фигероа ұсынған. Жаңа өзгерістердің бірі — сайлаудың екінші кезеңін алып тастау, яғни енді президенттік сайлауда жеңіске жету үшін көп дауыс жинау жеткілікті.

Конституциялық өзгерістерді 57 депутат қолдап, тек 3 депутат қарсы дауыс берді. Бұл – Букеленің партиясының парламенттегі көпшілік мандатқа ие болуымен түсіндіріледі.

Айта кетейік, 2021 жылы Букеленің өзі тағайындаған Жоғарғы Сот судьялары Конституциядағы екінші мерзімге тыйымды алып тастаған болатын. Осылайша, ол 2024 жылы өте көп дауыспен қайта сайланды. Енді қабылданған жаңа түзетулер оған президенттікке шексіз рет түсуге заң жолын ашып отыр.

Алайда, бұл шешім қоғамда алаңдаушылық туғызды. Оппозициялық депутат Марсела Виллаторо бұл жағдайды «Сальвадорда демократия өлді» деп сипаттап, биліктің шектен тыс шоғырлануы, сыбайлас жемқорлықтың күшеюі және саяси белсенділіктің төмендеу қаупіне назар аударды.

Букеле өз кезегінде халыққа өзін «әлемдегі ең заманауи диктатор» деп таныстырып, елдегі қылмыспен күресте қатаң саясат жүргізуге уәде беріп келеді. Бұрынғы билік өкілдерімен қылмыстық топтар арасында келісім болғаны туралы күдікке ілінсе де, елдегі қауіпсіздік пен тәртіптің жақсарғанын сезінген тұрғындардың көбі оған қолдау білдіруде.

Комментарии
Другие материалы