“Арландар” футбол клубының Португалия футболымен байланыс орнатып, бірлесіп жұмыс істеп келе жатқанына биыл — 10 жыл.
Клубтың сол еңбегін ескерген Лиссабон футбол ассоциациясы клубты 100 жылдық мерейтойлық медалімен марапаттады.
Қазіргі таңда қазақстандық 4 шәкірт Португалияның түрлі деңгейдегі академияларында білім алып жатыр.
Сондай-ақ Португалиядағы Брагалона футбол клубының құрылтайшысы. Португалияның 2 футбол академиясымен әріптестік келісім шартына қол жеткізді.
Жақында Португалияда өткен балалар турнирі арасындағы әлемдегі №1 турнир - IberCup турниріне қатысып келді. Әлемнің 100- ден астам мемлекеті қатысқан сол турнирге Қазақстан атынан тұңғыш рет “Арландар @футбол клубы қатысты. Сол командалар ішінде “Арландар” клубына ғана уақыт тауып футбол ассоциациясы қабылдау өткізіп, мұражайын аралатып құрмет көрсетті.