Министрлік мұнай өндіру деңгейінің өсуі туралы ақпаратты жоққа шығарды

1061
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/2sOaNdQNiexhG1sjC143h0bQZmmGrXk5OUtIXABH.jpg

Қазақстанда мұнай өндіру деңгейі өсті деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министрліктің мәліметінше, тамыз айында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 1,712 млн баррельді құраған. Бұл көрсеткіш шілде айымен салыстырғанда тәулігіне 48 мың баррельге төмен.

«Энергетика министрлігі кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған елімізде мұнай өндіру деңгейі тамызда өткен аймен салыстырғанда артты деген ақпаратты түбегейлі жоққа шығарады»,– делінген хабарламада.

Комментарии
Другие материалы