Қазақстанға әскер кіргізуді қалайтын Симоньян ауыр дертке шалдықты

2043
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/VnMysTYpWklznW0QY3J7JBk68GdbKvWbmIiRPDce.webp

Ресейлік пропогандист, «Russia Today» арнасының редакторы Маргарита Симоньян ауыр дертке шалдықты. Бұл туралы ол журналист Владимир Соловьевке берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бақытсыздық келсе, қақпаңды айқара аш» деген сөз бар. Біздің үйдегі қақпаны қазірдің өзінде қиратып тастады. Осы аптада қорқынышты, ауыр дертке шалдыққанымды білдім. Мына орден тұрған жерден, яғни кеудемнің сол жағынан ота жасайды», – деді Симоньян.

Ол денсаулығына қарамастан бағдарламаға қатысқанын, осылайша майданда жүргендердің отбасына қолдау көрсеткісі келгенін түсіндірді.

8 қыркүйекте Симоньян ауруханадан байланысқа шығып, ота қалай өткенін айтты.

«Бірнеше сағат бұрын наркоздан шықтым. Әзірге баяу жазып жатырмын, кешіріңіздер. Уайымдап, дұға еткен жандарға рақмет. Барлығы да Жаратушымыздың қолында. Соған ғана үміт артамын»,—деді ол.

Журналист нақты қандай ауруға душар болғанын ашып айтпады. Алайда көптеген БАҚ сүт безінің қатерлі ісігі деген болжам жасап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Симоньян күйеуі Тигран Кеосаянның ес-түссіз күйде клиникалық өлім аузында жатқанын мәлімдеген еді. 2022 жылы Кеосаян өзі жүргізетін телебағдарламалардың бірінде Қазақстанның атына ауыр сөздер айтып, балағаттаған еді. Сол жылдың маусымында Сыртқы істер министрлігі Тигран Кеосаянды нон грата жарияланғандардың тізіміне қосқан.

Маргарита Симоньян да Қазақстанға қарата айтқан арандату сөздерімен танымал болды. Бұған дейін ол Қазақстанның Донецк пен Луганскты тәуелсіз республика деп мойындамайтынына байланысты елімізді «сатқын» деп атап, «жасалған жақсылық үшін рахмет айтуды білмейді» деген жазба жариялаған. Ал 2024 жылы журналист Қазақстанға «кейбір бұзақылармен» күресу үшін Ресей әскерін жіберуге қуанышты болатынын жеткізген.

Комментарии
Другие материалы