Қазақстан және басқа да елдер... Зеленский Путинмен кездесуге болатын жерді атады

1632
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/SCBoKsKFQDpyVN2FyEZaU58Pt9nV0pjPXsYuj6cx.jpg

Украина басшысы Владимир Зеленский Қазақстанда Путинмен келіссөздер жүргізуге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Fox News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Зеленский кездесу өткізуге болатын алаң ретінде Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Австрия, Швейцария елдерін атап өтті.

«Біз кездесуді Түркия, Сауд Арабиясы, Қатар, Еуропаның Австрия мен Швейцария секілді бейтарап елдерінде өткізуді ұсындық. Біз оған: «Егер сіз Қазақстан сияқты елде кездескіңіз келсе, біз дайынбыз»,– дедік. Бары осы», – деп түсіндірді Зеленский.

Жүргізуші сөзін нақтылауды сұраған кезде Зеленский Ресей басшысымен кездесуге дайын екенін растады. Айтуынша, бұған дейін Путин жоғары деңгейдегі кездесу өтетін орын ретінде Мәскеуді атаған.

Еске салайық, 23 қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясы алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездескен еді.

 

 

 

Комментарии
Другие материалы