Қазақстандық теннисші Кореяда өткен беделді турнирдің жеңімпазы атанды

1890
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/nIJwbK2m0xHs4w4dPhl5qZXIknQWYoahDsZYmWmW.jpg

Әлемдік рейтингінде 25-орында тұрған қазақстандық спортшы Заңғар Нұрланұлы Кореяның Чхунчхон қаласында өткен ITF Juniors J200 санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды “Адырна”.

Қазақстан Теннис федерациясы таратқан мәліметке сәйкес, жарыста ол бірінші нөмірлі спортшы ретінде тіркелді. Финалда Заңғар кореялық Мин Хук Чоны 6:3, 6:4 есебімен сенімді түрде ұтты. Турнир барысында қазақстандық теннисші қарсыластарына бірде-бір сетберген жоқ.

Бұл жеңіс Заңғар Нұрланұлының ITF Juniors аясындағы жекелей сындағы алтыншы титулы болды. Бұған дейін ол J100 Aizkraukle, J200 Shymkent, J100 Izmir, J30 Tsaghadzor, J30 Trnava турнирлерде топ жарған болатын.

Келесі аптада Заңғар Кореяның Вонджу қаласында өтетін ITF Juniors J300 турнирінде бақ сынайды. Бұл дода 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы бейресми Азия чемпионаты саналады.

Комментарии
Другие материалы