Әзербайжан ұшағы Ресейдегі әуежайға қайта оралды

1353
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/iJZxvK8W3a4Yqe7pgGhc97cBFf57JhRDrrRRlTDz.jpg

Санкт-Петербург – Баку бағытындағы Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясының Airbus A320 ұшағы техникалық себепке байланысты Пулково әуежайына қайта оралды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Компанияның хабарлауынша, рейстің капитаны шассидің жұмысына қатысты техникалық ақау анықталған соң, қауіпсіздік мақсатында әуежайға қайту туралы шешім қабылдаған.

Барлық қауіпсіздік шаралары сақталып, экипаж қону алдындағы қажетті техникалық әрекеттерді орындаған.

Әуежайдың құтқару қызметтері де толық дайындықта болған.

Ұшақ Баку уақытымен 04:43-те Пулково әуежайына қонды. Қону кезінде әуе кемесі ұшу-қону жолағынан сәл шығып кеткенімен, ешкім зардап шеккен жоқ.

Барлық 155 жолаушы дер кезінде эвакуацияланды.

Жолаушыларды Бакуге жеткізу үшін Azerbaijan Airlines басқа ұшақты жіберді.

Комментарии
Другие материалы