«Мұхтар Шаханов атындағы қор» ресми түрде тіркелді

1053
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/UxmJPGxHYE5BdLPFuQl9Go2hiROUW7IMSuXHqSuJ.jpg

Халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановтың құрметіне ашылған «Мұхтар Шаханов атындағы қор» ресми түрде тіркелді. Бұл туралы ақынның шәкірті, қоғам белсендісі Берік Ағыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, қордың басты мақсаты – Мұхтар Шахановтың рухани мұрасын, әділдік пен ар-ождан идеясын келер ұрпаққа жеткізу, жастарды елін сүйетін, намысы биік, әділ және рухты тұлға етіп тәрбиелеу.

«Мені осы қордың төрағасы етіп сайлады. Бұл қор — жай ғана ұйым емес, ол әділдік пен ар-ожданның, рух пен намыстың, шындық пен ұлтқа адалдықтың ұясы болмақ»,–деді ол.

Берік Ағыбаев бұл бастаманы «Шаханов мектебінің жалғасы, қазақ рухын жаңғыртудың символы» деп бағалады.

«Қазір қоғамда мейірім, әділдік, ұят, намыс, рух сияқты ұғымдар екінші қатарға ысырылып барады. Шаханов мектебі осы құндылықтарды қайта жаңғыртудың бастауы болады деп сенемін. Бұл жол — ортақ жол. Бірігіп, ел рухын бірге көтерейік!Шаханов рухы  — қазақ рухы. Ол мәңгі жасасын!» — деп түйіндеді белсенді.

Комментарии
Другие материалы