Газ бағасын көтеру ұсынылды

807
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/FNE3xRyLQeWymzD0YKtiiiKh279DMElMZFo4uCPQ.webp

«QazaqGaz» ұлттық компаниясының басшысы Әлібек Жамауов елде газдың көтерме бағасын біртіндеп арттыру қажет екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Жамауовтың айтуынша, жақында тариф 33% өскеніне қарамастан, Қазақстан әлі де газ ең арзан елдердің бірі болып қала береді. Сонымен қатар компания жыл сайын нарықты шамамен 200 млрд теңгеге субсидиялайды.

"Бағаны кезең-кезеңімен көтеру энергиялық қауіпсіздікті нығайтуға және елдің барлық аймағын сенімді газбен қамтуға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары газ бағасының өсімі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың көпшілігімен салыстырғанда әлдеқайда төмен болды", - деді ол.

Комментарии
Другие материалы