Тәртіп сақшылары жүргізушінің өмірін сақтап қалды

410
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9hWqjJ5IRO57QJ2yUayy5yC1kx66XJ1C8kBu7ewZ.jpg

Семей-Павлодар тас жолында патрульдік экипаж жүргізушінің өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды "Адырна".

Полиция жол бойында қозғалысы сенімсіз жүк көлігін байқап, оны тоқтатқан. Жүргізуші көліктен шығып өзін нашар сезінгенін айтып, бірнеше секундтан кейін есінен танып қалған,

Полицейлер дереу жүрек-өкпе реанимациясын жүргізіп, науқастың жүрек соғысын қалпына келтірген. 

Жедел жәрдемді күтпей, жүргізушіні Семей қаласына жеткізіп, дәрігерлерге табыстаған. 

Кейін жүргізушінің инсульт алғаны белгілі болды.

Комментарии
Другие материалы