Мыс шахтасы құлап, 30-дан астам адам қаза тапты

771
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/GxH8TTQstJDuHwnXd5f59PTtXfWNMSq5LoqwXXQA.jpg

Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан қолдан жасалған мыс кені шахтасы құлап, 30-дан астам адам қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна".

Құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр, сондықтан құрбандар саны артуы мүмкін.

Луалаба билігінің мәліметінше, оқиғаға қатты жаңбырдан кейінгі көшкін себеп болған.

Алайда AP News басылымы басқа нұсқаны да келтіреді.

"Күзет пен кеншілер арасындағы қақтығыс кезінде оқ атылған, соның салдарынан адамдар үрейге беріліп, көпірге қарай жүгірген. Көпір құлап, бұл шахтада қосымша үйінділердің пайда болуына әкелген", дейп жазады басылым. 

Комментарии
Другие материалы