Касса қанша? Бадықованың фильмдері отандық прокатта бұрын болмаған табысқа жетті

901
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/zriDdCXK9Y952m5sIWhZ2XWGvmMIbltlcaXeFwXt.webp

Қазақстандық актриса және продюсер Дариға Бадықова түсірген фильмдер отандық прокатта рекорд орнатты.
Соңғы үш жылда жарық көрген туындыларының жиынтық табысы 4,7 млрд теңгеден асып, Қазақстан киноиндустриясы тарихында бұрын-соңды болмаған көрсеткішке жетті, деп хабарлайды "Адырна".

Rentrak жүйесінің ресми деректеріне сәйкес, Бадықованың 2023–2025 жылдар аралығында шыққан фильмдерінің табысы мынадай:

  • «Таптым-ау сені» (2023) – 1 834 702 810 теңге

  • «Ыстық ұя» (2025) – 1 754 600 300 теңге

  • «Таптым-ау сені 2» (2024) – 1 198 850 506 теңге

Осылайша, үш картинаның жалпы табысы 4 млрд 788 млн теңгеден жоғары болды.

Бадықованың соңғы жұмысы драмалық жанрдағы «Ыстық ұя» фильмі прокат басталғаннан кейін қысқа уақыт ішінде 1,7 млрд теңгеден астам қаржы жинап, 2025 жылғы ең кассалы қазақстандық фильм атанды. Жинаған табысы бойынша ол Қазақстан тарихындағы барлық фильмдер ішінде екінші орынға көтерілді.

Рейтингтің бірінші сатысында әлі күнге дейін Бадықованың өз шығармасы «Таптым-ау сені» фильмі тұр.

 

Комментарии
Другие материалы