Қазақстандық инженер дрон жасау бойынша АҚШ-тағы үздік ондыққа кірді

828
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/0emx2Dj3eQUIugqg6L68FsVAzV0AUuhK4ejeYdlo.webp

Вашингтонда өткен байқауда қазақстандық инженер Ерлан Әлімханов әзірлеген «MEGADRONE360» көпфункциялы дроны үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген маманның жобасы АҚШ-тың 200-ден астам компаниясы ұсынған жұмыстар арасынан іріктеліп, финалист атанды. Дрон екі жыл бойы Америкада құрастырылған.

«MEGADRONE360» аппараты модульдік құрылымымен және 360 градусқа толық айналатын платформасымен ерекшеленеді. Бұл жүйе дронды әскери және азаматтық мақсаттарда қолдануға мүмкіндік береді. Құрылғыға төтенше жағдайларда көмектесуге арналған модульдер, жарықтандыру прожекторлары, медикамент пен жүк жеткізу құралдары, құрғақ химиялық заттармен өрт сөндіретін механизм орнатуға болады.

Автордың айтуынша, дрон фейерверк іске қосу, ауыр камера тасымалдау сияқты салаларда да қолдануға тиімді. Қазіргі уақытта құрылғының мүмкіндіктерін кеңейту – мобильді күн электр станциясын және жермен қозғалатын роботтық жүйені енгізу бағытында жұмыстар жүргізілуде.
"Америка – қару-жарақ бойынша жетекші ел. Біздің жобаның топ-10-дыққа енуі – мен үшін де, Қазақстан үшін де үлкен жетістік. Презентацияда өзімнің Қазақстаннан екенімді атап өттім. Бұл – біздің елде де жоғары технологиялар дамып жатқанын көрсетеді", – деді Ерлан Әлімханов.

Қазір қазақстандық Калифорния штатындағы Фримонт қаласында тұрады. Сол жерде 3D-дизайнер ретінде жұмыс істейді.

Комментарии
Другие материалы