250 мың бала қашықтан оқуға жіберілді

773
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/BftmI5DuV8YN75q9UZ0TPm8Bk30XHjkBW6tUnV7F.png

Елімізде 800-ге жуық мектептің оқушысы қашықтан оқыту форматына ауыстырылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Эпидемиологиялық маусым басталғалы бері елімізде ЖРВИ мен тұмаудың 2 миллионға жуық жағдайы тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, науқастардың 60–70 пайызы — балалар.

Әлеуметтік желілерде тұрғындар ауруханалардағы ұзын-сонар кезектерге шағымдануда.

Сұлтанғазиевтің айтуынша, мектептер бас санитарлық дәрігердің ұсынымы бойынша әрекет етуде. Егер сыныптағы оқушыларды 20%-ы ауырса, оларды бір кабинеттен шығармай, қозғалысты шектеу ұсынылады. 30%-дан астамы ауырса, сынып қашықтан оқытуға жіберіледі.

«Қазіргі таңда 13 өңірде осы тәртіп енгізілді. Бүгінгі күнге дейін 800-ден астам мектеп 11 мың сыныпты қашықтан оқуға жіберді. Бұл — шамамен 250 мың оқушы», – деді вице-министр Мәжіліс кулуарында.

Өткен аптада бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сархат Бейсенова ЖРВИ өршуіне байланысты 7 өңірде 132 мектептің 1 469 сыныбы онлайн форматқа көшкенін мәлімдеген болатын.

Комментарии
Другие материалы