"Ауыл нақыштары". Фотобайқаудың қорытындысы шықты

689
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/WMdGm4wsip4j6DxefuM1VJyex1f0XMPjX4LqCSED.jpg

«Ауыл нақыштары» фотобайқауының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы photooner.kz-ке сілтеп.

Байқау Қазақстанның дәстүрлерін сақтау, ауыл өмірінің оң имиджін қалыптастыру және фотожурналистиканы қолдау мақсатында ұйымдастырылған маңызды мәдени жоба болды.

Астанадағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтіп, үздік суреттер көрмесінің ашылуы ұйымдастырылды. Сондай-ақ «Ауыл» партиясы мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жарық көрген «Ауыл нақыштары» атты көркем фотоальбомның ресми таныстырылымы да өткізілді. Іс-шараға партия басшылығы, мәдениет қайраткерлері, кәсіби фотографтар және өнер сүйер қауым қатысты.

«Ауыл» партиясының төрағасы Серік Егізбаев байқаудың ел мәдениетін сақтаудағы рөліне тоқталды.

«“Ауыл нақыштары” – ауыл өмірінің сұлулығын, табиғаты мен еңбектеніп жүрген адамдардың бейнесін паш ететін ерекше жоба. Жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Бұл – туған жерге деген махаббат пен құрметтің көрінісі», — деді ол.

Биыл байқауға Қазақстанның 20 өңірінен 678 қатысушы қатысып, жалпы 3366 фотосурет ұсынылды. Жұмыстар ауыл өмірінің әр қырын, табиғаттың өзіндік мінезін, еңбек адамдарының бейнесі мен ауыл мәдениетін қамтыды. Байқау «Ауыл пейзаждары», «Еңбек адамының фотопортреті», «Фоторепортаж» номинациялары бойынша өтті. Сонымен қатар алғаш рет «Ауылдағы бақытты балалық» атты жаңа номинация енгізілді.

Әлеуметтік желі пайдаланушылары дауыс беру арқылы таңдаған «Көрермендер көзайымы» номинациясы да ерекше назарға ие болды. Telegram желісінде 10 финалистің арасынан үздік жұмыс таңдалды.

Жеңімпаздар сертификаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Жалпы жүлде қоры — 3 млн 900 мың теңге. Бас жүлдені Шымкент қаласының тұрғыны — Мақсат Шағырбаев иеленді.

Комментарии
Другие материалы