«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси мансабындағы 405-ші голдық пасын жасап, футбол тарихындағы жаңа рекорд орнатты. Ол венгриялық аңыз Ференц Пушкашты артта қалдырды, деп хабарлайды "Адырна".
Бұл нәтижеге Месси MLS плей-оффының жартылай финалында «Нью-Йорк Ситиге» қарсы өткен ойында қол жеткізді.
Матч Форт-Лодердейлде өтіп, «Интер Майами» 5:1 есебімен жеңді.
Жеңіс «Интер Майамиді» конференция чемпионы атандырып, MLS плей-оффының финалына шығарды.
Команда шешуші ойында «Ванкувер Уайткэпспен» кездеседі.
Биыл Месси 40 матч өткізіп, 38 гол және 22 ассист жасаған.