Еріктілердің жаңа олжасы. Бұрын белгісіз болып келген петроглифтер табылды

502
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kRzS0TWtVqZKEUVMgGhk6ehzMf4xbb1eJKtdUxO6.jpg

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында еріктілер бұрын белгісіз болып келген жүзге жуық петроглифті анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жергілікті тұрғындардың хабарлауымен Асы өзенінің аңғарындағы төбелерден табылған суреттер сақ дәуіріне, қола және түркі кезеңіне тиесілі.

Ежелгі галереяда аңшы, тау ешкілері, көп мүйізді бұғылар және күн символдары бейнеленген.

Зерттеушілер көктемде аймаққа қайта оралып, жұмыстарды жалғастырмақ. Мамандар жаңа нысандарды вандализмнен қорғау қажет екенін атап өтті.

Петроглифтерді әрі қарай талдау үшін Yandex Qazaqstan мен ҚБТУ әзірлеген жасанды интеллект құралы қолданылмақ.

Комментарии
Другие материалы