Ерекше балаларды қорлаған блогерге айыппұл салынды

434
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/W9B8q2FuADBUElQWv0YPwgLpyHMqOH8edGM8GPdP.jpg

Астанада әлеуметтік желіде ерекше балалар мен олардың ата-анасына қатысты қорлайтын әрі бейәдеп сөздер қолданған блогерге әкімшілік іс қозғалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, 2025 жылғы 2 желтоқсанда азаматша О.-ға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік іс тіркелген. Ол Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылып отыр.

Іс материалдарына сәйкес, блогер Instagram парақшасында бейнежазба жариялап, онда қоғамға және ерекше қажеттілігі бар адамдарға қатысты қорлайтын әрі бейәдеп сөздер айтқан. Осы әрекеті арқылы қоғамдық тәртіпті бұзып, көпшілікке ашық түрде құрметсіздік танытқаны анықталған.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілмеген, себебі бұл құқықбұзушылық әкімшілік іс жүргізу тәртібімен қаралады. Сот отырысында ол бейәдеп сөз қолданғанын растағанымен, балаларды қорлау ниеті болмағанын айтып, кінәсін ішінара мойындады.

ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігінің санкциясына сәйкес, құқықбұзушыға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу немесе 20-дан 60 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, не болмаса 5 тәуліктен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 50-бабының 2-бөлігіне сәйкес, 14 жасқа дейінгі балалары бар әйелдерге әкімшілік қамау қолданылмайды.

Комментарии
Другие материалы