Алматы-Бішкек тасжолындағы апаттан жаңа дерек жарияланды

658
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/t7sOZq5MduG7Sm1vND739jduUz2s8KXHG256j3ko.webp

Алматы-Бішкек тасжолында жол апатынан қаза тапқандар туралы жаңа дерек шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ұлттық Сурдлимпиада комитетінің вице-президенті Арсен Шакуовтың айтуынша, мерт болғандардың ішінде Сурдлимпиада ардагерлері болған. 

Олар:

Асыл Ибрайымов – есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы футбол жаттықтырушысы;

Дмитрий Мочальский – шахматтан Сурдлимпиада чемпионы, шахматтан есту қабілеті бұзылған спортшылар арасындағы Еуропа чемпионы;

Сәкен Смағұлов – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі;

Сергей Волковинский – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі;

Серік Молдашев – есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футбол ардагері, есту қабілеті бұзылғандар арасындағы футболдан ұлттық құрама мүшесі.

«Барлығының артында бала-шағасы, немерелері қалды… Марқұмдарды бала кезімнен танимын, әкемнің ең жақын достары еді…Иманды болсын!»,-деп жазды Шакуов.

Еске салайық, қайғылы оқиға 2 желтоқсанға қараған түні болған еді. Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Odissei мен  HOWO соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктегіжеті адам қаза тапқан. Оның ішінде жүргізуші де бар. Қазір апаттың барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Комментарии
Другие материалы