Депутат оң жақ рөлді көліктерді қолдануға толығымен тыйым салуды ұсынды

1015
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/9P4pfdlq2BY4csKvlzvbPd2COSDdhUIjtsGtOa7L.jpg

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев 2025 жылы жол-көлік оқиғаларының 27 пайызға өскені алаңдатарлық жағдай екенін айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оның сөзінше, такси қызметінде оң жақ рөлді көліктерді пайдалануға тыйым салынғанына қарамастан, заңсыз тасымалдаушылар жұмысын жалғастырып отыр.

«Toyota Alphard пен Estima маркалы көліктері бірнеше ірі жол апаттарына себеп болды. Шілде айында екі күн ішінде Жамбыл және Алматы облыстарында болған апаттар салдарынан он адам көз жұмып, төртеу жарақат алды. Сондықтан осы санаттағы көліктерді жолаушылар тасымалының барлық түрінде қолдануға толықтай тыйым салу қажет»,-деді депутат.

Қазір елімізде қалааралық жолаушылар тасымалында Toyota Alphard пен Estima көліктері кеңінен қолданылып жүр. Алайда соңғы кездері дәл осы маркалы машиналарға қатысты жол-көлік оқиғалары жиілеп, алаңдаушылық туғызуда.

Комментарии
Другие материалы