Президент ішкі жалпы өнімнің алғаш рет 300 млрд доллардан асатынын айтты

148
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4mAsOfBy7QVoEloCkUyg8ST3KB5wCnU7vRmTT5JO.jpg
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлығының лауреаттарын, "Қазақстанның үздік тауары" республикалық көрме-конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі. Онда президент елімізде алғаш рет ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан асатындығын айтты, деп хабарлайды "Адырна".

Мемлекет басшысының сөзінше, бәсекеге қабілетті бизнес – кез келген мемлекеттің тірегі.

"Биыл Қазақстан экономикасының өсімі 6 пайыздан асады деп болжануда. Бұл – соңғы он жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Еліміздің ішкі жалпы өнімі алғаш рет 300 миллиард доллардан аспақ",- деді ол.

Президент қазір елімізде инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы әртараптандыруға баса мән беріп жатқанын атап өтті.

"Сондықтан Үкімет дайын өнім экспортын арттыру ісімен белсенді түрде айналысуы қажет. Қазіргі таңда бұл салада біраз жетістіктеріміз бар", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев
Комментарии
Другие материалы