Интернет тартпақ болған екі жұмысшы биіктен құлап, бірі мерт болды

96
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/ip80xFWS1RcCJ8GlcvaCNpdvyFLPTC8fo45Ms5pQ.jpg

Петропавлда монтаж жұмыстары кезінде көтергіш платформадан екі адам құлап кетті. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Мәлімет бойынша, оқиға бүгін, 5 желтоқсанда болған.

Жұмысшылардың бірі – 35 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал 1994 жылы туған екінші жұмысшы ауруханаға жеткізілді.

"Осы дерек бойынша еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы белгілерімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Істің барлық мән-жайын толық анықтау мақсатында қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша түпкілікті процессуалдық шешім қабылданады, - делінген хабарламада.

Екі жұмысшы интернет тартпақ болған екен.

Комментарии
Другие материалы