Трамп Зеленскийден көңілі қалғанын айтты

458
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/4ZFDLu0Lv7Z7JGfkuLcvKjzUrlUIxcTUS6lJkBc0.jpg

АҚШ президенті Дональд Трамп украиналық әріптесі Владимир Зеленскийдің әлі күнге дейін бейбіт келісім жобасымен таныспағанына көңілі қалғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы Джон Кеннеди атындағы орындаушылық өнер орталығында өткен рәсім барысында айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі lenta.ru-ға сілтеме жасап.

«Зеленскийдің әлі бұл ұсынысты оқымағаны менің көңілімді қалдырды», – деді америкалық көшбасшы.

Оның айтуынша, Украина президентінің айналасындағы адамдар Вашингтон ұсынған жоспарға айрықша риза болған. Алайда Зеленскийдің оны ұнатып-ұнатпағаны әзірге белгісіз.

2 желтоқсанда Зеленский Киев пен Вашингтон 20 тармақтан тұратын бейбіт жоспар әзірлегенін айтқан еді. Оның сөзінше, Украина мен АҚШ америкалық тарап ұсынған бастапқы «жол картасын» қайта қарап, оны 20 тармаққа бейімдеген. Зеленский Женевадағы келіссөздер барысында 28 тармақтан тұрған бастапқы тізім қысқартылып, өткен демалыс күндері Флоридада нақтыланғанын атап өтті.

Сондай-ақ ол «кейбір тармақтар әлі де қосымша пысықтауды қажет етеді» деп мәлімдеді. Зеленский бұл құжатты Украинада бейбітшілік орнату жолындағы «ең күрделі, бірақ ең үміт күттіретін кезеңдердің бірі» деп сипаттады.

Комментарии
Другие материалы