Сауд Арабиясының тақ мұрагері «Барселонаны» сатып алуы мүмкін

344
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/CQ0T4MM9mWZ66nkOFzQPRUJInkW0SjUncT5nDqYv.jpg

Сауд Арабиясының тақ мұрагері Мұхаммед ибн Салман «Барселона» футбол клубын сатып алғысы келеді. Бұл туралы El Chiringuito журналисі Франсуа Гальярдо X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мұхаммед ибн Салман жақын уақытта клубты сатып алу жөнінде ұсыныс жасауға дайындалып жатыр. Мәміленің құны 10 миллиард еуроға дейін жетуі мүмкін»,-делінген хабарламада.

Гальярдоның айтуынша, клубтың сатылуына президентті сайлауға қатысатын және клубты басқару мәселелерінде дауыс беру құқығына ие сосьолар — клуб мүшелері кедергі келтіруі мүмкін.

Goal мәліметінше, «Барселонаны» сатып алуды Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қоры қаржыландыруы ықтимал. Қазіргі таңда клубтың қарызы 2,5 миллиард еуроны құрайды.

Мұхаммед ибн Салман Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорын басқарады. 2021 жылы бұл қор Англияның «Ньюкасл» клубын сатып алған. Клубтың номиналды иесі ретінде тақ мұрагері тіркелген.

«Барселона» – 1899 жылы құрылған Испаниядағы ең көп титулға ие футбол клуб.

Комментарии
Другие материалы