Күрес федерациясы үздіктерді марапаттады

118
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/gaTctDm4YBjvtBXFMgxyNy954Kjkx5MPyGpw8A9m.jpg

Қазақстан күрес федерациясының жалпы жиналысында үздік спортшылар мен сала ардагерлері марапатталды. 

Ересектер арасындағы әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали «Құрмет» орденімен марапатталып, Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер табысталды.

Нұрқожа Қайпанов «Құрмет» орденімен, 3 млн. теңгелік сертификатпен марапатталды. 

Юрий Мельниченко Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатына ие болды.

Рәсім аясында спорт ардагерлері Болат Нұрмұхамбетов, Қобланды Шакиров, Абуталип Аманов, Валерий Лукьянов, Яркам Абылғазин, Ахат Мұхаметжан, Саржан Жақсыбеков, Ильдар Гафаров секілді  күреске еңбегі сіңген мамандарға ведомстволық награда табысталып, құрмет көрсетілді. 

Федерация шешімімен соңғы жылдары жоғары нәтиже көрсеткен спортшыларға ақшалай сыйақылар тағайындалды:
 • Ризабек Айтмұхан — 3 000 000 теңге
 • Жәмилә Бақбергенова — 2 000 000 теңге
 • Шұғыла Өмірбек — 2 000 000 теңге
 • Едіге Қасымбек — 2 000 000 теңге
 • Мадхия Усманова — 1 000 000 теңге
 • Қуанышбек Жанажол — 1 000 000 теңге
 • Бекасыл Асамбек — 1 000 000 теңге

Комментарии
Другие материалы