Мәскеуде көлік жарылып, бас штаб генералы қаза тапты

199
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/66HQrZ1t50OXQsmyZHTpBRGZ5miymaLaULhOqg22.webp

22 желтоқсан күні Мәскеуде жеңіл автокөлікте жарылыс болып, Ресей Қарулы күштері Бас штабының жедел даярлық басқармасын басқарған генерал-лейтенант Фанил Сарваров ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы BBC жазды, деп хабарлайды «Адырна».

«22 желтоқсан күні таңертең Мәскеудің Ясенев көшесінде автокөліктің астыңғы бөлігіне орнатылған жарылғыш құрылғы іске қосылды. Алған жарақаттарының салдарынан РФ Қарулы күштері Бас штабы жедел даярлық басқармасының басшысы, генерал-лейтенант Фанил Сарваров қаза тапты», -  деді РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко. .

Бұған дейін БАҚ пен Тергеу комитеті Ясенев көшесінде автокөлік жарылысы салдарынан белгісіз ер адамның жарақат алғанын хабарлаған. Telegram-арналар жараланған адамның генерал Сарваров болуы мүмкін деген болжам айтқан.

РФ Тергеу комитеті бұл оқиға бойынша қоғамдық  қауіп төндіретін тәсілмен жасалған кісі өлтіру және жарылғыш заттардың заңсыз айналымы баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Тергеу барысында қылмыстың әртүрлі нұсқалары қарастырылып жатыр. Солардың бірі –  бұл қылмысты Украина арнайы қызметтерінің ұйымдастыруы мүмкін деген болжам», -  делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

Украина тарапы генералдың қазасына қатысты ресми пікір білдірген жоқ.

Shot пен Baza Telegram арналары таңертең жарылыс салдарынан тұрғын үй маңындағы тұрақта тұрған Kia Sorento маркалы автокөліктің зақымданғанын хабарлаған.

РБК басылымының жазуынша, 56 жастағы ер адам жарылыс кезінде көліктің ішінде қысылып қалып, кейін құтқарылып, ауыр халде ауруханаға жеткізілген. 

Комментарии
Другие материалы