Алматы–Бішкек автожолында орташа жылдамдықты бақылайтын камералар орнатылды

276
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/Wimus1IDYNkOB9R9npKCXeuwWRRHfuKtbjsM7nbD.jpg

Алматы-Бішкек автожолында жол қозғалысы қағидаларын бұзушылықты автоматты түрде тіркейтін бейнебақылау камералары жұмыс істеп тұр. Бұл туралы өңірлік полиция мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Стационарлық камералардан бөлек, жолдың жекелеген бөліктерінде көліктің орташа жылдамдығын бақылау жүйесі енгізілген. Аталған жүйе камералар орнатылған нүктелердегі жылдамдықты ғана емес, сонымен қатар жолдың белгілі бір аралығында көліктің жүріп өткен уақытын есептеп, орташа жылдамдықты анықтайды. Егер көлік бақылау аймағын белгіленген нормативтен қысқа уақытта еңсерсе, жылдамдық асыру фактісі тіркеледі.

Полиция өкілдерінің айтуынша, бұл шара жол-көлік оқиғаларының көбеюіне байланысты қабылданып отыр және жол қауіпсіздігін арттыруға, апат санын азайтуға бағытталған.

Алдағы уақытта мұндай бақылау жүйелерін елдің басқа да республикалық автожолдарында кезең-кезеңімен енгізу жоспарланып отыр.

Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануға және жолда мұқият болуға шақырды.

Комментарии
Другие материалы