Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы табысталды

140
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/dGCfwmvwKOIjHJ3869sZqqlCSHM2BtzwTaRZD178.jpg

Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан президенті Асиф Али Зардари мен премьер-министрі Шахбаз Шариф мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі.

Жиынға Пәкістанның Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштерінің жоғары басшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Комментарии
Другие материалы