Вашингтондағы бәтуа. Астана жаһандық минерал жеткізу тізбегінде маңызды ойыншы болуға дайын

193
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/kjYr75jh7OIQHiNaPYFXx8AdjSIshIPqhXckXpoJ.webp

Фото: "Дидар" газеті

Қазақстан АҚШ Геологиялық қызметі (USGS) жасаған тізімге енгізілген 60 маңызды минералдың 20 түрі бойынша жеткізілімдерді қамтамасыз етуге қабілетті. Report агенттігінің Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап хабарлауынша, бұл туралы Қазақстанның сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Вашингтонда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың шақыруымен өткен маңызды минералдар жөніндегі алғашқы министрлік конференцияда мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Ермек Көшербаев әріптестеріне Қазақстанның маңызды минералдар саласындағы әлеуеті туралы ақпарат беріп, елдің сенімді әрі тұрақты жаһандық жеткізу тізбектерін қалыптастыруға практикалық үлес қосуға дайын екенін растады. Оның айтуынша, республикада минералдық шикізаттың елеулі қорлары, дамыған қайта өңдеу өнеркәсібі, заманауи инфрақұрылым, сондай-ақ тұрақты саяси жүйе мен болжамды реттеуші орта бар.

Сондай-ақ, Қазақстан мен АҚШ арасындағы маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыруға ерекше назар аударылды. Бұл құжат Қазақстан Президентінің 2025 жылғы қарашада Вашингтонға жасаған сапарының қорытындысы бойынша қол қойылған. Аталған меморандум Орталық Азиядағы осы бағыттағы алғашқы келісім және Қазақстанда қайта өңдеу қуаттарын дамыту, технологиялар трансфері, сондай-ақ қазақстандық өнімдердің АҚШ нарығына қолжетімділігін кеңейтуді көздейді.

Конференцияға G7 елдері мен Pax Silica бастамасына қатысушы мемлекеттердің сыртқы саясат ведомстволары мен салалық құрылымдарының 30-дан астам басшысы, сондай-ақ жетекші халықаралық компаниялардың өкілдері қатысты.

Комментарии
Другие материалы