Көлік пен ұшақтың біріктірілген нұсқасы жасалды

174
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/MGTnDGwOhQy470MJhJ49I9QaRdRLmXb14NlA3HZU.jpg

Қытай аэроғарыш саласындағы ғылыми мекемелер жаңа инновациялық электрлі әуе көлігінің (eVTOL) сынақ ұшуларын сәтті өткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Xinhua-ға сілтеп.

Қытай аэроғарыштық ғылыми-техникалық корпорациясының CASC құрамындағы Тоғызыншы академия Чунцин қаласында тік ұшып-қону мүмкіндігі бар аппаратты сынақтан өткізді. Жаңа құрылғы ұшақ пен автокөліктің функционалдық мүмкіндіктерін біріктіретін гибридті платформа ретінде жасалған. Бұл жүйе жерүсті және әуе режимдері арасында кедергісіз ауысуға мүмкіндік береді.

eVTOL аппараты қанаттар, кабина және тағы бірнеше бөліктен тұрады. Әуе модулі екі жолаушыны 3000 метр биіктікке дейін көтере алады және сағатына 150 шақырымға дейін жылдамдыққа жетеді.

Инженерлер платформаның көпфункционалды екенін айтып, оны көлік, логистика және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету салаларында қолдануға болатынын жеткізді.

Комментарии
Другие материалы