Жілік шағу бойынша Республикалық ашық чемпионат өтті

226
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/boPvlt24qv7BJghkWskdvqvRi8xhdOye6YR4wPms.jpg

Фото: Данил Акрамов

Бүгін Астана қаласында «Мықты білек – дәстүр мен рухтың күші» атты ұлттық сайыс – «Жілік жару» бойынша Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.

Ашық чемпионаттың ұйымдастырушылары мен қолдаушылары:
• «Ауыл» партиясы
• Қазақстан фермерлері қауымдастығы
• С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
• Animal Stat компаниясы

Жарыс ұлттық дәстүрді дәріптеуге, қазақтың төл спортын кеңінен насихаттауға және жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталды. Қатысушылар күш-жігері мен төзімділігін сынап, тартысты дода көрермендерге ерекше әсер сыйлады.

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасы Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев пен партия өкілдері қатысып, ұлттық спорттың маңыздылығына тоқталды.

Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған бұл чемпионат ел спортының дамуына серпін беретін маңызды бастамалардың бірі болды.

Комментарии
Другие материалы