Белгілі ғалым Айсұлтан Қалыбаев өмірден өтті

269
Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/RIo8BqNEo9PGs1gAAqQxzmhQfujmCLeRknQmfUGZ.png

Алматыда ғалым-физик, академик Айсұлтан Қалыбаев 80 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kz арнасына сілтеме жасап.

Айсұлтан Қалыбаевтың есімі Қазақстанның ғарыш саласындағы жетістіктерімен тығыз байланысты. 1990-жылдардың ортасында ол Ұлттық аэроғарыш агенттігін басқарды және қазақстандық ғарышкер Талғат Мұсабаевтың «Мир» орбиталық станциясына жасаған екі ұшу бағдарламасына жетекшілік етті.

Айсұлтан Абдуллаұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті физика факультетінің түлегі. Оның ғылыми бағыты аспан механикасы мен ғарыштық ұшу динамикасына арналған. Алғашқы диссертациясын 1979 жылы қорғап, Жер полюстерінің қозғалысын зерттеген. Кейін зымыран қозғалтқыштарының тиімділігін арттыру мәселелерімен айналысты.

Ғалым математика, нанотехнология және қорғаныс өнеркәсібі салаларында іргелі еңбектер жазған. Ол 100-ден астам ғылыми жұмыс пен 30-ға жуық патенттің авторы, оның ішінде халықаралық деңгейдегі патенттері бар. Сонымен қатар, әлемнің бірқатар жетекші университеттерінің құрметті профессоры атанған.

Марқұммен қоштасуға әріптестері, достары және шәкірттері жиналды.

Комментарии
Другие материалы