АҚШ Ормуз бұғазы маңында Иранның бірнеше әскери кемесін жойды

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/QbPVga73wrkjaxeizRfN0v7RWIHluPaCgNZDxhD8.jpg

АҚШ әскері Иран кемелеріне, соның ішінде минатасығыш 16 катерге соққы жасады. Бұл туралы елдің қарулы күштерінің орталық қолбасшылығы мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ормуз бұғазы маңында Иранның миналы кемелерінің жойылғанын АҚШ президенті Дональд Трамп желідегі парақшасында растады. CENTCOM өз кезегінде кемелерге жасалған соққылардың видеосын жариялады.

10 наурыз күні таңертең Ислам революциясының күзет корпусі АҚШ пен Израиль елге шабуылдарын жалғастырып жатқан кезде Иран аймақтан бір литр мұнай экспортталуына жол бермейтінін мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Ормуз бұғазы — Орта Шығыс елдерінен мұнай тасымалдаудың ең маңызды артерияларының бірі. Израиль мен АҚШ-тың Иранға бастаған соғысынан бері бұл бұғаз іс жүзінде пайдаланылмай келеді. 28 ақпаннан бастап бұғазда тек бір ғана танкердің Иран шабуылынан аман қалғаны айтылды.

Бұған дейін Дональд Трамп мұнай ағыны тоқтаса, Иранға бұрынғыдан 20 есе күштірек соққы берілетінін мәлімдеген.

Комментарии
Другие материалы