Көк бөрі №260 учаскеде

Adyrna.kz Telegram
https://www.adyrna.kz/storage/uploads/o9QW075Qdbv69BJRit5b311AJAlWvaNN0c587ks3.jpg

Бүгін Қызылордадағы №260 сайлау учаскесіне ерекше қонақ келді. Сыр елінің рухын бейнелейтін Көк бөрі  референдумда өз таңдауын жасады. 

Қала жастарына жақсы таныс образ батылдық пен жеңістің символы. Көпшілік оны Қызылорданың намысын қорғайтын FC KAYSAR командасының рухымен де байланыстырады. Айта кету керек, Көкбөрі 2026 жылғы республикалық референдумның Қызылордалықтар үшін басты кейіпкеріне айналып үлгерген.

Учаскеге келген тұрғындар «Көк бөрімен» суретке түсіп, ерекше атмосферада өз дауыстарын берді. 

Сыр өңірінде бүгінгі күн тек дауыс беру күні ғана емес, бірлік пен белсенділіктің күні болды.

Комментарии
Другие материалы