«Мерейлі отбасы – 2025» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпазы – Мұнайлы ауданындағы Қисановтар әулеті референдум учаскесіне келіп, отбасымен бірге өз таңдауын жасады.
Теміржол саласында ұзақ жылдар еңбек етіп келе жатқан Қисановтар әулеті – еңбекқорлық пен бірліктің үлгісі саналатын теміржолшылар династиясы. Отбасы мүшелері ел болашағына бейжай қарамай, маңызды саяси науқанда белсенділік танытып, азаматтық ұстанымдарын көрсетті.
Қисановтар отбасының айтуынша, әрбір азаматтың ел дамуына үлес қосуы – маңызды. Сондықтан, олар референдумға қатысуды азаматтық борыш деп санайды. Қисановтар отбасының бұл қадамы – жас ұрпаққа үлгі боларлық азаматтық белсенділіктің көрінісі.
Маңғыстауда «Теміржолшылар династиясы» референдумда дауыс берді
15.03.2026
Комментарии
